Астанада Ер Қосай көшесінде 2 үй өртенді
Аулада бензин құйылған 8 бөшке жарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әйтеуір адам аман. Тек материалдық шығын бар. Жойқын жарылыстан қатар тұрған 2 үйдің шатыры жанып кетті. Жалын жарты сағатта сөндірілді. Алматы аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары ереже бойынша аулада бөшкелерде бензин сақтауға болмайды, яғни бұл жерде қауіпсіздік талабы бұзылған дейді.