Қостанай облысында соңғы 1-2 күнде үш адам суға кетті
Қайғылы оқиғаның екеуі облыс орталығының аумағында болды.
Бірінде ер адам шомылуға жабдықталмаған жерде суға батқан. Екіншісінде 52 жасар қала тұрғыны басын катамаранға соғып, ес жимай өзен түбіне кеткен. Оның ішімдік ішкені анықталды. Ал Бейімбет Майлин ауданында балық аулауға шыққан зейнеткерді әлі күнге іздеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның қайығы аударылып, судан шыға алмай қалған. Үстінде құтқару күртешесі де болмапты.
Құрманғазы Тәуекелов, облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:
- Жедел құтқару жасағымен 12 километр жағау мен шаршы метр судың түбі зерттелді. Судың қолайсыздығынан және көрінбеуінен байланысты құтқару жұмыстары күрделенуде. Бүгінгі күні алты құтқарушы мен бір бірлік Камаз және де бір жүзу құралы жұмыс істеуде.