Жамбыл облысында 1,3 млрд теңгенің темекісі тәркіленді
Контрабандалық тауарды Қырғызстаннан темір жол арқылы ел аумағына әкелуге тырысқан.
Екі вагонға тиелген темекінің тиісті құжаттары болмады. Мемлекеттік кірістер органдарының есебі бойынша, темекі акци-зінен бюджетке 585 млн теңге төленуі тиіс еді. Қазір қылмыстық істер аясында, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Әлібек Әбділов, қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Қазіргі уақытта Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.