Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Ақмола облысында жол апатынан бүтін бір отбасы ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қайғылы оқиға Көкшетау-Рузаевка тасжолында болған. Отбасы мүшелері отырған Лексус жанармай таситын көлікке бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 42 жастағы жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы оқиға орнында көз жұмды. Ал жанармай көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Жалпы өңірде жыл басынан бері 284 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 57 адам опат болған.