Шымкентте өмірге қауіпті сусын өндіретін цех анықталды
Шымкентте адам өміріне қауіпті сусын өндірген жасырын цех анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде энергетикалық сусынның 21 мың құтысы табылды. Сондай-ақ тауар белгісі бар 54 мың дана бос бөтелке, сия бүріккіш, жапсырма, бояғыштар мен өзге де құралдар тәркіленді.
Зертханалық сынама нәтижесі энергетикалық сусынның құрамында зең мен ашытқылар рұқсат етілген мөлшерден екі есе көп екенін көрсетті.
Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады. Аталған факті бойынша тергеу басталды.