ШҚО-да топырақ астында қалған екі жұмысшы құтқарылды
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданындағы Ертіс кенішінде топырақ астында қалған екі жұмысшы шығарылды.
Оқиға бүгін таңғы сағат 4.00-де болған. Мекеме өкілдерінің айтуынша, үңгушілер жұмыс істеп жатқан жер опырылып, екі жұмысшыны басып қалған. Бірі өз күшімен шығып үлгерген. Ол жеңіл жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы жақсы- дейді дәрігерлер. Ал екінші шахтер үйінді астында 7 сағат жатып қалған. Құтқару отряды онымен радиостанция арқылы байланысып, жедел әрекетке кіріседі. Қазір аман- есен шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы туралы әзірге мәлімет жоқ. Дәрігерлер толық тексеруден кейін, мәлімдеме жасамақ. Апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.
Ермек Дүзкенов, "Kaz Minerals" тобының корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері:
- Бірнеше сағат көлемінде ғой, бірінші жердің астына түсу керек, ондағы жағдайды бағалау керек.Өйткені бірінші кезекте адам өмірі ғой,ең құндылық адам зардап шекпейтіндей құтқару керек, сондықтан шамалы уақыт керек болды.