Түркістанда өрттен бір отбасы құтқарылды
Түркістан қаласында тәртіп сақшылары жанып жатқан үйден 3 адамды алып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқиға таңғы сағат 6-да тіркелді. Кезекшіліктегі Бағлан Жүнісов пен Жұмағали Аляқбаров үй өртеніп жатқанын байқайды. Полицейлер жедел үйге кіріп, түпкі бөлмеде көк түтінге тұншығып жатқан әйел мен оның 2 баласын қауіпсіз жерге шығарды. Артынша өрт сөндірушілер де жетіп, қызыл жалын сөндірілді. Тілсіз жау электр сымдарының тұйықталуынан шыққаны анықталды.
Бағлан Жүнісов, қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция инспекторы:
- Сол арада тез қимылдап, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, үйдегі анасы мен балаларын сыртқа алып шытық. Қазіргі таңда келіншектің жағдайы бірқалыпты. Бала-шағасы өзімен бірге. Біздің міндет – халыққа қызмет көрсету.