Қарағанды облысында шахтада жарылыс болды
Қарағанды облысының Костенко шахтасында жарылыс болып 11 кенші қаза тапты.
18 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, түнгі 2:30 шамасында лавада метан газы тұтанған. Оқиға орнында 252 адам болған. 205-і жер бетіне шығарылды. Апат аймағында 40 құтқарушы, 10 техника және 3 психолог жұмыс істеп жатыр. Арнайы штаб құрылды. Облыс әкімі, компанияның бас директоры, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Костенко шахтасына барды. Жедел желі іске қосылды. Нөмірлерді назарларыңызға ұсынамыз.
Оқиға бойынша жедел желі қосылды:
8 7172 704108
8 7172 497270
8 7172 517223