Костенко шахтасындағы ТЖ: зардап шеккендер туралы ақпарат
Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаларға 18 адам жеткізілді.
Барлығына медициналық көмек көрсетілуде. Барлық қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум өткізілді.
15 адам Оңтүстік-Шығыстағы Х. Ж. Мақажанов клиникасына көміртегі тотығымен уланумен, біреуінде ауыр дәрежедегі көміртегі тотығымен улану, қалғандарында жеңіл және орташа дәрежеде улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды; екеуі Михайловкадағы Х.Ж. Мақажанов клиникасында: біреуі реанимацияда ауыр жағдайда, екіншісі операциядан кейін травматология бөлімінде.
Стационарға 17 адам ауруханаға жатқызылды, бір адам амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді.
Қағанды облысының әкімдігі.