Шахтадағы ТЖ: 28 адамның денесі табылды
Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің саны 28-ге жетті.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 206 адам жер бетіне шығарылды. Тағы 18 кенші іздестіріліп жатыр. Жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер тобы да зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін Қарағандыға аттанды.