Костенко шахтасында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. LIVE
Костенко атындағы шахтада авариялық-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Құтқарушылардың негізгі күші, кеншілерді іздеуге жұмылдырылған. Алайда, бұл оңай болмай тұр. Іздеу шараларына электр қуатының жетіспеушілігі, тау-кен жұмыстарының көптігі және бұзылған механизмдер қиындық туғызуда. Қазір марқұмдардың денесі жер бетіне шығарылып жатыр. Мамандар апат орнында, өрт ошақтары жоқтығын айтты. Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін 400-ге жуық қоңырау түскен.
Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы ТЖД бастығы:
- Қазіргі кезде Костенко шахтасында іздестіру-құтқару жұмыстарына 44 адам және 12 бірлік техника құрайтын 8 тау-кен бөлімшелерінде жалғасуда. Жұмыстар екі өндіру участкесінде үздіксіз ауысыммен 4 бөлімшемен жүргізілді. Газдық жағдайы қалыпты. Жану ошақтары жоқ. Құтқару жұмыстарының қиындығы электр қуатының зақымдануымен, тау-кен участкелерінің үлкен ұзындығына олардың көптеген механизмдер мен құралдарының қирауына, кейбір участкелердің сумен басылуына байланысты.
Оқиға орнындағы туыстарына медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгінге дейін 40-тан астам адамға көмек көрсетілді. Штабта 20 психолог көмек көрсетіп жатыр.
Ерген Құдайбергенов, дәрігер:
- Кешелі бері 40-там астам адамға шұғыл көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жедел жәрдем де жұмыс істеп жатыр. Жедел жәрдеммен ьірнеше адамды ауруханаға жеткіздік. Бұл жерде қан қысымының көтерілуі, көбінесе сол жағдайлар.