Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандардың саны 36-ға жетті. LIVE

Өкінішке қарай, шахтадан тағы бір кеншінің мәйіті табылып, қаза тапқандардың саны 36-ға жетті.

Қалған 10 адам іздестіріліп жатыр. Ауруханада жатқандардың тізімі әлі өзгеріссіз. 23 адам ем алуда, оның біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Дегенмен, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер қан тапшылығы, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі секілді мәслелер жоқ деді. Ондағы ахуал тұрақты. Ал жоғалған жұмысшыларды табуға жарылыс аймағындағы кедергінің көптігі себеп. Қазір жедел штабпен қатар жоғалғандардың туыстары да жанын шүбірекке түйіп отыр.