Жол апаты. 9 айда 1,6 мың адам қаза болған

Жол апаты. 9 айда 1,6 мың адам қаза болған

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің жол апатына қатысты статистикалық деректері жарияланды.

Көп жағдайда жол қозғалысы қауіпсіздігі қатысушылардың өздеріне байланысты болады, олар жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін белсенді шаралар қабылдау қажет.

Статистикаға сүйенсек, елімізде биыл 9 айда 9,8 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 14 мың адам зардап шексе, 1,6 мың адам қаза тапты, оның ішінде:

210-ы кәмелетке толмаған бала,

488-і әйел,

1192-і ер адам.

Сондай-ақ:

660-жолаушы,

485-жаяу жүргінші,

447-жүргізуші.

Аймақ бойынша ең көп жол апаты:

Алматы қ. - 2556,

Алматы обл. - 961,

Жамбыл обл. - 695,

Түркістан обл. – 616,

Астана қ. – 570 тіркелген.

Апаттың негізгі себептері:

Жылдамдықты асыру - 2 381,

Жаяу жүргіншіге басымдылық бермеу-1473,

Жол белгілерін сақтамау (жылдамдықты шектеу белгілерін есепке алмағанда) - 380,

Өзге де жол қозғалысы ережелерін сақтамау – 5 635.

ЖКО-ның 88%-дан астамы жүргізушілердің (8 703) кінәсінен орын алады, оның 305-і алкогольге мас, есірткіге елтіген күйде болған.

Жол апатынан зардап шеккендердің жас айырмасы:

17 жастағы – 3 015,

30-39 жасқа дейін -2 576,

21 - 29 жасқа дейін -2 572,

60 және одан жоғары -1 320 жастағы адамдар.

Кінәлілердің арасында:

30 - 39 жас аралығындағылар - 2 509,

21 - 29 жас аралығындағы - 2 262,

60-тан жоғары жастағы – 668.

Жол апаттарының көп бөлігі:

7 380-і елді мекендерде,

1 703-і халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда,

789-ы облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген.

Жол апаты аптаның қай күнінде ең көп тіркеледі:

дүйсенбі -1 462,

сәрсенбі -1 447

жексенбі - 1 418,

сондай-ақ

күндізгі уақытта - 6 120,

түнде - 1 140,

ымыртта - 1 493 орын алған.

Күзгі-қысқы кезеңнің басталуы, сондай-ақ жол қолайсыздығы жағдайларының күшею салдарынан апаттар қауіпі артады.

Осы ретте, автокөліктің техникалық жай-күйін қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру, уақтылы қысқы шиналармен жабдықтану, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жолдарда өте мұқият болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне жүргізушілердің назарын аударамыз. Сондай-ақ қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатыны туралы естеріңізге саламыз – делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.

Техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделеді және бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Құрметті азаматтар! Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз. Өздеріңізді және жақындарыңызға қамқор болыңыз! Еліміздің жолдарындарындағы апаттар туралы ақпаратты «https//gis.kgp.kz» сілтемесі бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының «qamqor.gov.kz» порталының «Апат картасы» бөлімінен көруге болады – делінген ақпартта.