Костенко шахтасында қалған бір кенші әлі табылмай жатыр
Қазір құтқару қызметінің барлық күші іздеуге жұмылдырылды.
Мамандар апат болған лаваны түгел сүзіп шыққан. Енді көмір таситын конвейрлердің астын тексеріп жатыр. Ал ауруханаға жеткізілген 24 кеншінің көбінің денсаулығы қалыпты. Қазір алды үйіне шыға бастады.
Еске салсақ сенбінің түнінде Қарағанды қаласындағы Костенко шахтасында метан газы жарылып, салдарынан 45 кенші қаза тапты. Сол күні шахтада 252 кенші жұмыс істеп жүрген.
Бибігүл Төлегенова, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Барлық науқастың гемодинамикасы тұрақты. Жағдайының нашарлауы байқалмады. Пр.Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың токсикология бөлімінде улы газдан уланған жеңіл және орташа ауырлықтағы 20 науқас бар. Олар дитоксикация мен симптоматикалық ем алуда.