Ұлытау облысында шахта жұмысшысы қаза тапты

Ұлытау облысындағы №57 шахтада жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Шығыс-Жезқазған кенішінде тау-кен өндірісінің шебері болған. Жұмыс кезінде оның үстін тау үйінділері басып қалған деген ақпарат бар. Қазір арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Кеніш «Қазақмыс» компаниясына қарасты. Қайғылы жағдайдың себебі тексеру қорытындысынан кейін мәлім болады.