Жылына екі мыңға жуық көлік өртенеді - ТЖМ
Жыл сайын орташа есеппен елімізде 2 мыңға жуық өрт болады, олардың ішінде көлік құралдарындағы өрт жиі тіркеледі.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тек 2023 жылдың 10 айында көліктерде 1 811 өрт орын алды. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт саны 14%-ға азайды (2022ж. - 2 118). Бұл өрттің негізгі үлесі жеңіл көлікте, бұл 1 392 жағдай немесе көліктегі өрттің жалпы санының 77%. Соңғы жылдарда бұл көрсеткіш көлік құралдарындағы өрттің жалпы санының 15-20%-ын иеленсе, тұрғын үй секторы объектілерінен кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады - делінген хабарламада.
Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері:
- автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;
- қолдан жасалған газ жабдығын орнату;
- отын және электр жүйесінің істен шығуы;
- қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту;
- қасақана өртеу.
Көлік құралдарында өрттердің туындауының алдын алу олардың туындау себептерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және қолында жарамды өрт сөндіргішті ұстауды ұсынамыз - дейді ТЖМ мамандары.