Қонаев қаласында күдікті полиция қызметкерлері қамауға алынды

Қонаев қаласында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен екі тәртіп сақшысы қамалды.

Полицияға жәбірленушінің анасы хабарласып, қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 22 және 23 жастағы күдіктілерді анықтап, ұстады. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше күдіктілер Қонаев қалалық ішкі істер басқармасында жұмыс істеген. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Рустам Әбдірахманов, Алматы облыстық ПД басшысының орынбасары:

- Қылмыс жасаған азаматтар 8 қараша күні біздің аймақтық бөлімшенің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу аяқталған соң, қылмыстық істің құжаттары сотқа жолданады.