Петропавлдық блогерлер кәсіпкерді бопсалаған
Яғни, сауда желісі директорынан 50 млн теңге талап еткен.
Күдіктілер дүкендегі мерзімі өткен тауарларды әлеуметтік желіде көрсетіп, бірнеше мәрте жанжал шығарған. Осылайша кейбір өнімдерді ақшасын төлемей алып кеткен. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға шағым түсіруді де ұмытпаған. Сөйтіп, бизнеске жоспардан тыс тексеріс жүргізуге себеп болыпты. Ал қыркүйек айының басында осы әрекеттерін тоқтату үшін қос блогер дүкен директорынан ақша сұраған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оларды 5 млн теңгені алып жатқанда қолға түсірді. Қазір 33 және 34 жастағы бұл екі күдікті тергеліп жатыр.