Павлодар облысында 40 ауыл жарықсыз қалды

Кешегі алай-түлей дауыл Павлодар өңірінде 42 нысанның шатырын ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

100-ге тарта ауылда жарық сөніп қалған. Дегенмен 60 елді мекенде үзілген сымдар қайта жалғанып, тоқ берілді деген хабар жетті. Әзірге 40 ауыл жарықсыз отыр.

Құлаған ағаштар көліктерді басып қалды. Автобус аялдамалары да төңкеріліп жатыр. Азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, - дейді Төтенше жағдайлар қызметі. Мамандар күн райы түзелгенше алыс жолға шықпауға шақырады.