Ақтауда бірнеше шағын аудан жылусыз отыр
Ақтау қаласында құбыр жарылып, шағын аудандардың бір бөлігінде жылу беру уақытша тоқтады.
Жарылған 800 миллиметрлік құбыр. Коммуналдық қызмет кешке дейін жөндеп, ақауды қалыпқа келтіруге уәде берді. Жергілікті билік жағдайды бақылап отырғанын айтады.
Ұлықбек Тналиев, Ақтау қаласының әкімі:
- Қазір мына магистральды 800-дік құбырда жоғары микрорайонға баратын осындай ақау шықты. Қазір тез арада осы бүкіл қызметтердің бәрі осында келіп, жұмыстарын атқарып жатыр. Тез арада бүкіл осы арнайы қызметтер осы ақауды реттеуге жұмылдырылды.