Қостанайдағы жарылыс: 7 адам үйінді астында қалды
Қостанайдағы техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болып, 7 адам үйінді астында қалды.
Оқиға түскі бірлер шамасында тіркелді. Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылған. Құтқарушылар осы уақытқа үйінді астынан 2 адамды алып шықты. Қазір мамандар оқиға орнындағы іздестіру жұмыстарын күшейтті. Жедел штаб құрылды. Апат аймағына арнамыздың тілшілері де бағыт алды.