СҚО-да өрттен екі адам қаза тапты
Қайғылы жағдай Шал ақын ауданында болған.
Сонымен қатар бүгін түнде Воскресеновка ауылында жергілікті әкімдік ғимараты отқа оранды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, соңғы бес күннің ішінде өңірде 20 өрт оқиғасы тіркелген. 6 көлік жанып кетті. «Оған күннің суығы себеп болды», - дейді мамандар. Өткен аптадан бері сынап бағанасы – 30 градустан түспей тұр.
Дмитрий Растихин, ТЖД бастығының орынбасары:
- Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 551 өрт болып, 30 адам қаза тапты. Қазір күн күрт суытты. Сондықтан, жер үйдің тұрғындарына барынша сақ болған жөн. Пештің мұржасын тазалап, қауіпсіздік шараларын сақтану керек.