Қарағанды облысында мал құтырып ауырды

Қарағанды облысы Жарлы ауылында ірі қара құтырма жұқтырған.

Бұл туралы ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекциясы мамандары хабарлады. Әзірге екі сиырдың көзі жойылды. Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді. Қатерлі індет жабайы аңнан жұққан болуы мүмкін, дейді ветеринарлар. Ауылда шектеу шаралары енгізілді. Эпизотияға қарсы қызмет зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Елді мекенге кіріп шыққан көліктің бәрі тексеріледі.