Өткен тәулікте 94 рет өрт болды

Жалпы өткен тәулікте 518 адам құтқарылды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Жаңа жыл түні құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс жасады. Кеше мамандар 163 мәрте құтқару іс-шараларына шықты. Оның ішінде 94-і өртке қатысты болса, 68-і жоғалғандарды іздеу, апаттық-құтқару және басқа да адам өміріне қауіп төнген оқиғалар болды. Барлығы 518 адам, оның ішінде 65 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райының өзгеруі, жабылған жолдар туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарға шықпауға кеңес береді.