Майқайың кенішіндегі апат: автобустың болжамды орны анықталды
«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасының аумағында құлаған автобустың болжамды орны анықталды.
Бүгін іздестіру жұмыстарына елдегі жалғыз өндірістік георадар қолданылған еді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жаңа ғана геосканер 5 метр тереңдіктен топырақ басып қалған металл затты көрсеткенін хабарлады. Ол автобус болуы мүмкін деп болжанып отыр.
Еске сала кетейік, Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кенішінде 150 метр тереңдіктегі ойыққа құлап кеткен автобус іздестіріліп жатыр. Онда 4 адам болған. Мерт болған 2 адам жер қойнына тапсырылды.