Қарағанды облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Қарағанды облысындағы Ботақара кентінде екі қабатты 12 пәтерлі үйде газ жарылды, деп хабарлайды 24KZ.

Жарылыс салдарынан үйдің үстіңгі төрт және бірінші қабатындағы 3 пәтеріне зақым келген. Қолда бар ақпаратқа қарағанда үйінді астынан 2 адамның денесі табылған. 5 адам құтқарылды, оның үшеуі аудандық ауруханаға жеткізілді. Үйіндінің астында қалған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департменті бастығы Мұрат Қатпанов. Арнайы штаб құрылып оқиға орнында аудандық төтенше жағдайлар қызметі мамандары жұмыс істеп жатыр.