Ақмолада балалар мінген шағын автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты
Ақмола облысында балалар мінген шағын автобус жол апатына ұшырап, бір адам опат болды.
Тағы 15 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Полицияның мәліметі бойынша, «Mercedes-Benz Sprinter» көлігінің 62 жастағы жүргізушісі қар тазалайтын көліктен айналып өтпек болған сәтте жолдың қарсы бағытында келе жатқан жеңіл көлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 20 жастағы жүргізуші оқиға орнында опат болды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.