Елімізден Еуроодаққа балық заңсыз экспортталған
Алматы облысынан Еуроодақ елдеріне мың тоннадан астам балық заңсыз экспортталған.
Қаржылық мониторинг Агенттігінің ресми мәліметінше, кәсіпкер экспортқа рұқсат алу үшін су маржандарының Қырғызстаннан ауланып, елге кіргізілгенін растайтын жалған ветеринарлық құжат жасатқан. Ал шын мәнінде балықты Алматы облысындағы су қоймаларынан аулаған. Сөйтіп, 2022 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың сәуір айы аралығында кәсіпкер көксерке сүбесін шетелге жөнелтіп отырған.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Тергеу барысында 125 тонна көлемдегі балық өнімін экспорттауға дайындап, түсіру оқиғасы анықталып, тоқтатылды. Тергеп-тексеру жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалды Кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.