Атырауда автобус жүргізушісі соққыға жығылды
Атырау қаласында автобус жүргізушісі соққыға жығылды, деп хабарлайды 24KZ.
Куәгерлердің сөзінше жол жүру ақысын талап еткен жәбірленушіге жолаушылардың бірі жұдырық ала жүгірген. Салдарынан №22 бағытта қатынайтын автобус жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, көзі көгерді. Сонымен қатар онлайн төлем қабылдайтын валидаторға да зақым келді. Полицейлер көп ұзамай бұзақыны қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.