Қарағандыдағы шахтадан 70 адам эвакуацияланды
Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтадан 70 жұмыскер эвакуацияланды.
Бұған көмірқышқыл газының деңгейі көтерілуі себеп болды. Штатан тыс жағдай турады Qarmet хабарлады. Кеншілер арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті мамандары мен жергілікті құтқару қызметі жұмыс істеп жүр. Болжам бойынша, шахтаның желдету жүйесінің жабдықтарын сынау кезінде көмірқышқыл газының деңгейі көтерілген. Мұндай сынақ 2017-ші жылдан бері жүргізілмеген.