Қостанай облысында 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды. LIVE
Бүгінде Қостанай қаласының өзінде 275 үйді су басқан.
Ал облыста эвакуацияланғандар саны 9 мыңға жуықтады. Дәл қазір әріптесім Мерей Қанапия су басқан ауылдардың бірінен тікелей эфирге қосылуға дайын.
Қостанай облысында 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Мерей Қанапия, тілші:
- Қазір қала маңындағы Мичурин ауылында тұрмыз. Мұнда мүлгіген тыныштық. Яғни, төтенше жағдай жарияланған бойда тұрғындардың барлығын қауіпсіз орындарға көшірген. Тіпті әр жақтағы құрылысы бітпеген.
Айта кетейік, қазір Қостанай облысындағы су тасқынының алдын алу үшін 3 мыңға жуық адам, 443 техника және 29 қайық пен 3 тікұшақ жұмылдырылды.