Атбасарда төтенше жағдай жарияланды
Қазір аудан орталығындағы оннан астам үй мен көшелерді су басты. Дәл қазір аймақтағы әріптесім Абзал Азаматұлы бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын.
Атбасардағы қауіп әлі сейілмей тұр. Жоғарыда айтқандай қазір ауданда жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі жарияланды.
Қала көшелеріне жайылған қызыл суды тоқтатуға 200-ден астам адам мен 100-ден астам техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ, құтқарушылар қайық арқылы су астында қалған үйлерді аралап, ішінде адам қалмауын тексеріп жүр. Қазіргі уақытқа дейін оннан астам үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Халықтың көбі туған-туыстары мен жақындарының үйіне орналасып жатыр.
Қазір көріп тұрғандарыңыздай, қарғын су көпқабатты үйлердің аулаларына жайылып, жертөлелерін басып қалды. Біз үйі су астында қалған тұрғындардың бірін сөзге тартсақ.
- Жалпы сіздер төтенше жағдайға дайын болдыңыздар ма? Ескертілді ме? Қазір қайда қоныстандыңыздар?
Есен Мұқажанов, Атбасар қаласының тұрғыны:
Қазір аудан орталығындағы эвакуациялық пунктер де көбейді. 6 пункт дайындалған. Су басқан шағын аудандар элект жарығы мен ауыз судан ажыратылған жоқ. Құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Абзал Азаматұлы, 24.KZ, Ақмола облысы