Жамбыл облысында тау суы Жасөркен ауылына кірді
Жамбыл облысында толассыз жауған жауын салдарынан тау бөктерінен аққан су Жасөркен ауылына жайылды, деп хабарлайды 24KZ.
Елді мекендегі мектеп пен 30-дан аса аулаға су кірген. Түнде төнген қауіппен күреске 60-қа жуық арнайы техника жұмылдырылып, су сорылып жатыр. Оқиға орнында 300-ге жуық құтқарушы мен жергілікті билік өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қазір Жамбыл облысының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев: «олардың толып кету қаупі жоқ», – деп мәлімдеді.