Қарағанды облысында малдан бруцеллез анықталды
Қарағанды облысының 4 ауданында малдан бруцеллез анықталды.
Осыған байланысты Шет, Қарқаралы, Нұра және Абай аудандарына қарасты 8 ауылда санитарлық шектеу қойылады. Зертхана мамандары ірі қараны сойып, патологиялық сынама алған. Зертхана қорытындысы бойынша індет расталды. Барлығы 18 сиыр ауырған. Бруцеллез адамға да жұғуы мүмкін. Жергілікті медицина қызметкерлері мал иелерінің денсаулығын тексеруді бастап кетті.