Qarmet комбинатына 1,5 млрд теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды

Қарағанды облысында қылмыстық жоспар құрған бірнеше топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды 24kz.

Олардың Qarmet метталургиялық комбинатынан қаржы ұрлап келгені белгілі болды. Атап айтқанда, мердігер және күзет ұйымдары арқылы жоқ тауарды жеткізумен айналысқан. Қылмыстық әрекет салдарынан 1,5 млрд теңге шығын келген.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда кәсіпорын шахтерлерін бопсалап, қаржы жинаған қылмыстық топтың ізі кесілген болатын.