Арман Әшімовтің желідегі жазбасынан кейін жалған спортшылар атағынан айырылды

Жалған спортшылар спорттық атағынан айырылды.

Антикор саладағы атақтарды негізсіз беру бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұған қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Арман Әшімовтың жазбасы себеп болды. Ол әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы және Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын жалған алған адамдар жайлы пікір қалдырған. Артынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымға уақытылы ден қойып, сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды.