Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза болды
Олардың барлығы бір отбасынан.
Аталған қайғылы жағдай бүгін таңға жуық Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 105 шақырымында болды. Toyota Hiace автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. 4 адам оқиға орнында жантәсілім етті. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. «Көлік жүргізушілеріннен жол ережесін бұзбауды, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды сұраймыз», – деді облыстық Полиция департаментінің басшылығы.
Авторы: Ардақ Қысаев