СҚО-да астан уланған екі бала көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір отбасы тамақтан уланып, екі бала көз жұмды.
Қайғылы жағдай Надёжка ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша олар сол күні дүкеннен сатып алынған пицца, түшпара, шұжық жеп, газдалған сусын ішкен. Содан өздерін жайсыз сезініп, дәрігер шақыртқан. Қазір анасы мен бір бала ауыр хәлде ауруханада жатыр. Ал әкесі алғашқы медициналық көмек алған соң үйіне жіберілді. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу амалдары басталды. Тамақтар сараптамаға алынды. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, өнімдер сатылған дүкен жабылды.
Гүлнәр Қалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Қазіргі таңда тамақтан уланы фактісі бойынша ауруханада екі науқас жатыр. Оның біреуі 96 жылғы әйел адам. Оның жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде. Бірақ кешегі күнге қарағанда сәл жақсарған. Тағы да балалар ауруханасында 2014 жылғы бала жатыр. Оның жағдайы ауыр жағдайда.