Таразда көлік қазылған жолға түсіп кетті
Оның ішінде 4 адам болды, деп хабарлайды 24KZ.
Апат салдарынан 3 жолаушы зардап шексе, 3 айлық сәби ешқандай дене жарақатын алмаған. Куәгерлердің айтуынша, жылу құбыры тартылып жатқан құрылыс алаңында ешқандай жол белгілері қойылмаған. Ал әкімдік өкілдері: «тиісті ескерту белгілері көше басында орнатылған», – деп отыр. Әзірге Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Қайрат Исмаил, қала әкімінің орынбасары:
- Құрылыс нысанының басына осы Төле би көшесінің бойына тиісті шектеу жол белгілері қойылған. Алайда мынау Lexus автокөлігі бұл тыйым салынған жол белгілеріне қарамастан құрылыс алаңына кіріп, мынау траншеяға түскен. Қазіргі кезде тиісті медициналық көмек шаралары көрсетіліп жатыр. Енді бұл құрылыс алаңына жүргізуші тыйым салынаған белгілерге қарамай кіруіне байланысты әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілігі қаралатын болады.