Кәсіпкерлерді бопсалаған ірі қылмыстық топ құрықталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен құқық қорғау органдары ірі қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды 24kz.
Алматы, Шымкент және Түркістандағы жедел іздестіру нәтижесінде 20 күдікті ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар кәсіпкерлерді бопсалаған. Топ мүшелерінің қаңтар оқиғасының белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды. Жалпы 40-тан астам із кесу шарасы жүргізіліп, суық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді. Қазір Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.