Киевтегі Қазақстан азаматына қастандық жасаған күдіктілерге іздеу жарияланды

Киевтегі журналиске қастандық жасаған күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Мұны Украинаның Бас прокуратурасы мәлімдеді. Қазіргі таңда Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев деген Қазақстанның қос азаматы күдікке ілінді. Бұл істің мән-жайын анықтауға Қазақстан тарапы да атсалысып жатыр. Ішкі істер министрлігі жедел іс-шаралар жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін екі күдіктінің бірі полицей болып жұмыс істейді деген ақпарат шыққан еді. Алайда құзырлы орган мұны жоққа шығарды. Мейрам Қаратаев 2019 жылдың қаңтар айында қызметінен босатылған екен. Бас прокуратура да сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс бойынша жедел топ құрылып, іздестіру жүргізіледі. Кеше Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасалды.