Астанада тұрғын үйден шыққан өрт оқшауланды
Астанада отқа оранған тұрғын үй кешеніндегі өрт оқшауланды, деп хабарлайды 24kz.
Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Бірақ эвакуацияланған бірнеше адам жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша қызыл жалын 180 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны ауыздықтауға 87 құтқарушы мен 19 арнайы техника тартылды. Арнайы құрылған жедел штаб өрттің неден шыққанын қазір анықтап жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін түскі сағат 15.00 кезінде 26 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Ғимараттың қасбеті лезде жанып кетті.
Динара Нұрғалиева, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі:
- Жалпы осы ғимараттан жедел жәрдемге келіп түскен адамдардың саны – 8. Оның бірі – кішкентай бала.