Оралда полицей ауыр жараланды

Батыс Қазақстан облысында оқтан жараланған полиция қызметкері жансақтау бөліміне жеткізілді.

Оқиға бүгін таңертең облыстық полиция департаментінің өткізу-бақылау пункті ғимаратында болған. 2003 жылғы қызметкерді жедел жәрдем көлігі облыстық көп бейінді ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер шұғыл операция жасаған, науқас ауыр халде жатыр. Болған жағдайдың жай-жапсары анықталуда. 21 жастағы тәртіп сақшысы, өз-өзін абайсызда атып алды ма, әлде басқа да себептері болды ма, әзірге белгісіз.

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция қызметкері жансақтау бөліміне жеткізілді. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.