Атырауда төрт жасар бала кәріз құдығына құлап, мерт болды

Атырауда 4 жасар бүлдіршін кәріз құдығына құлап, қаза тапты.

Қайғылы оқиға бүгін таңертең қала іргесіндегі Құрсай ауылындағы жекеменшік балабақшада болды. Күндізгі серуен кезінде аулада ойнап жүрген бөбектердің бірі кәріздің қақпағын басқанда, ол сынып кеткен. Қазір осы оқиғаға байланысты жан-жақты тексеріс басталды.

Руслан Бәйтенов, №1 қалалық полиция бөлімшесінің басшысы:

- Қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінде 4 жастағы сәбидің кәріз құдығына құлап қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда кешенді тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.