«Соколовская» шахтасында жұмысшы қаза тапты
«Соколовская» шахтасында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды 24KZ.
280 метр деңгейде жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін тастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, жұмысшының үстіне құлаған. Салдарынан қызметкер ауыр жарақаттар алып, оқиға орнында қаза тапты. Бұл жайында Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі хабарлады. Бірлестік ұжымы опат болған жұмысшының отбасына қажетті көмек көрсетілетінін хабарланды. Қазір оқыс оқиғаға қатысты тергеу басталды.