Өрттен екі бала құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Самар ауылында жер үй өртеніп, екі бала құтқарылды.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қос қызметкері 2011 және 2021 жылы туған екі баланы терезе арқылы сыртқа аман алып шыққан. Қазір жалын толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар өрт шыққан жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне дереу қоңырау шалу керектігін еске салады.