Алматыда автобус пен жүк көлігі соқтығысты
Алматыда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 9 адам зардап шекті.
Полиция департаментінің хабарлауынша, ауыр техника аялдамада тұрған қоғамдық көліктің артынан соққан. Ол қатты соққы екпінімен жеке тұрғын үйдің қоршауын бұзып өткен. Қазір барлық жолаушы қалалық Нөмірі жетінші ауруханаға жеткізілді. Ал бір адам жансақтау бөлімінде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Еске сала кетсек, өткен айда мегаполисте автобус пен жеңіл көлік қақтығысқан. Сол кезде 24 адам түрлі дене жарақатын алып, бір адам көз жұмды.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі:
- Әшімов көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Шаляпин көшесінің солтүстігіндегі аялдамаға тоқтаған 137-бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.Инерция салдарынан қоғамдық көлік жолдың шығыс жағына шығып кетіп, жеке тұрғын үйдің қоршауына соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, ЖКО салдарынан автобустың 9 жолаушысы зардап шекті.Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталуда.