Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы 11 жылға сотталды
Талдықорғанда қалалық білім бөлімінің бұрыңғы басшына қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды 24kz.
Жетісу облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы оны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Және өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салды.
Естеріңізге сала кетейік, сала жетекшісі қарамағындағы бас есепшіден қомақты соммада пара алу кезінде ұсталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің мәліметінше, 2020-2023 жылдың аралығында қаржы жымқырған қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталды. Күдіктілер қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 4,3 млрд теңге залал келтірілген.
Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
-Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласының білім бөлімінің басшысы Жолдыхановқа қатысты үкім шығарды. Ол бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасырғаны және жұмыстан босатпағаны үшін осы бөлімнің бас бухгалтерінен 280 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.