Оралда орманда адасқан туристер құтқарылды

Орал маңындағы орман алқаптарында жоғалып кеткен 7 турист құтқарылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, бір топ қыз күндіз өз бетінше Жайық өзенінің жайылмасына шыққан. Түнімен серуендеп, кейін қайтар жолды таба алмапты. Орманнан шыға алмайтынын түсінген олар, құтқару қызметіне хабарласады. Мамандар олардың координатын анықтап, лезде тауып алды. Адасқандар облыс орталығына жеткізілді. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Нұрболат Жетпісов, №2 құтқару бөлімінің басшысы:

- Жедел құтқару жасағымен 2 техника, 9 адам шықтық. Ұялы телефондары болды, оқиға орнына барып қыз балдарды телефоны арқылы таптық. Олардан 1 шақырымдай жерде ғой адамқан жерлері. Түн болды, сол себепті бағыттарынан адасып қалып тұр ғой.