Маңғыстауда мұғалімдерден ақша жинаған мектеп директоры ұсталды

Маңғыстауда ұстаздардан ақша жинаған мектеп басшылығына қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. "№3 арнайы мектеп" әкімшілігі мұғалімдерден ай сайын заңсыз қаражат жинаған. Сондай-ақ мектеп директоры өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды қызметкерлерін төлеуге мәжбүрлеген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.